Талаптары:
- Талдаушы ретінде жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
- BPMN, UML, IDEF0 нотацияларын білу;
- Пайдаланушылармен өзара байланыста болу тәжірибесінің болуы: проблемалар мен қажеттіліктерді анықтау, проблемаларды шешу жолдарын қалыптастыру, оқыту, кеңес беру;
- Әзірлеушілерге арналған техникалық тапсырмаларды жазу тәжірибесінің болуы;
- Сұратымдарды оқу және өзара байланыстарды түсіну деңгейінде SQL тілін білу;
- API арқылы сыртқы сервистермен интеграция тәжірибесінің болуы;
- REST API жұмыс қағидаттарын түсінуі тиіс;
- Jira және Confluence-мен жұмыс тәжірибесінің болуының артықшылығы бар;
- GO тілінде бағдарлама кодын оқу мүмкіндігінің едәуір артықшылығы бар.
Функционалдық міндеттері:
- Әртүрлі тапсырыс берушілерден келген функционалдық талаптарды жинау, талдап тексеру, ресімдеу және мақұлдау;
- Әзірлеушілерге арналған техникалық тапсырмалар мен сипаттамаларды әзірлеу;
- Әрі қарай автоматтандыру үшін пайдаланушылар мен компанияның проблемаларын зерттеу;
- Жобаларды зерделеуге және сәулеттік шешімдерді әзірлеуге қатысу;
- Жобалық шешімдерге баға беру және тапсырмалардың күрделілігін белгілеп көрсету;
Жобалық құжаттаманың логикалық тұтастығын және ішкі регламенттер мен қағидаларға сәйкестігін тексеру.
--------------------------------------------------------------------------------------------